+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шыңжаңда коронавирусқа шалдыққан соңғы науқас ауруханадан шықты

2020 жылғы 9 наурыз 16:11
Бөлісіңіз:
Шыңжаңда коронавирусқа шалдыққан соңғы науқас ауруханадан шықты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстанмен шекарада орналасқан Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) коронавирусқа шалдыққан соңғы пациент сауығып, жексенбі күні ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖ режімін бұзған 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай Алматыда коронавирустың 31 ошағы белгіленген

«Жэньминьуан» басылымының атап өтуінше, қазіргі кезде Шыңжаңда коронавирусқа шалдығу оқиғалары тіркеліп жатқан жоқ. ШҰАА-да коронавирусқа шалдығудың алғашқы оқиғасы 23 қаңтарда тіркелген болатын. Жалпы, мұнда ауруды жұқтырудың расталған 76 оқиғасы анықталды. Ал соңғы 19 күнде бірде-бір жаңа жағдай тіркелмеген.

Соның нәтижесінде Шыңжаңда коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай деңгейі жоғарыдан (бірінші) үшіншіге төмендетілді.

Бұдан басқа, коронавирус індетінің ошағы Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) пациенттердің ауруханадан шығуы себебінен 14 уақытша госпитальдің 11-і жабылды.

Жалпы, соңғы тәулікте (8 наурыз сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда коронавирусқа шалдығудың 40 жаңа оқиғасы тіркелген, 22 адам көз жұмды (21 адам – Хубэй провинциясында, біреуі – Гуандун провинциясында), ауруханалардан 1535 адам жазылып шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT