Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде қазақ мектебіндегі конкурста бір орынға 4-5 адамнан келеді

None
None
ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) Шыңжаңнан шалғай орналасқан ауылдық округтердің балаларын қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке сұраныс жоғары, конкурста бір орынға 4-5 адамнан келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үрімжі қаласындағы №66 орта мектеп 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Мектеп ҚХР-дің білім беру деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған.

№66 орта мектеп директоры Ли Цзябаоның айтуынша, білім шаңырағында балалар Шыңжаңнан шалғайдағы ауылдардан келіп оқиды. Білім беру мерзімі 3 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде  оқушылар ана тілін, қытай және ағылшын тілдерін оқиды. Оқу бағдарламасы ҚХР аумағындағы кез келген мектепте білім алуды жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне жетуге бағытталған.
null 

Жыл сайын мектепке 800 жаңа оқушы қабылданады. Қазіргі таңда балалардың басым бөлігінің ұлты - ұйғыр. Қазақтардың үлесі 10 %-ды құрайды. Алайда, олардың саны жыл санап артып келеді.

Білім алушылардың 90%-ы білім бағдарламасының толық курсын аяқтап, білім беру мекемелеріне түсіп жатыр. Қазақ оқушылардың оқу үлгерімі жоғары және мұғалімдер тарапынан жақсы пікірге ие болуда.

Болашақта осындай мектептер ашу жоспарланып жатыр.

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар