Шыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беру ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды Кабар.

Мұндай ұсынысты танымал өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры  Зухритдин Исамутинов жасады.

«Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа  «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», - деді ол.

Президент Шавкат Мирзиёев сәуірде ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар