+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкенттің жемқорлықпен күрес қызметі жылды қорытындылады

2020 жылғы 24 қаңтар 18:15
Бөлісіңіз:
Шымкенттің жемқорлықпен күрес қызметі жылды қорытындылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге арналған мақсаттарды белгіледі.

Ұқсас жаңалықтар
«Сыбағаға» бөлінген миллиондарды талан-таражға салған шаруа қожалықтары анықталды Алаяқтар елімізге миллиардтаған шығын әкеледі Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі 500 млн теңгені талан-таражға салды деп айыпталып отыр

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа қоғам, дін, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастық, арнайы мониторингтік топ және «Nur Otan» партиясының өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Атқарылған жұмыстар туралы негізі баяндаманы департамент басшысы А.Жұмағали жасап, ведомствоның негізгі жұмыс бағыттары бойынша қызметін жан-жақты баяндап берді.

А. Жұмағали атап өткендей, өткен жылы алдын алу жұмыстарына баса назар аударылып, 2 мыңға жуық іс-шара өткізілген.

Жастармен және халықпен қатар барлық қалалық мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының еңбек ұжымдары қамтылған.

Бизнесті қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі күні 55 млрд.теңгеден астам сомаға 26 инвестициялық жоба (5 шетел қатысуымен) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылған.

Автомобиль жолдары құрылысының сапасына да мониторинг жүргізілуде. «Сапалы жол» жобасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бөлімшелерімен бірге 72 тәртіп бұзушылық анықталып, олардың 68-ін мердігерлік ұйымдар жойды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.

Осы бағытта жүргізілген сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша 84 ұсыныс енгізілді, оның 65-і орындалды.

Алдын алу шараларымен қатар Заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудың бұлтартпастығы маңызды басымдық болып қала береді.

Статистикаға сәйкес, өткен жылы Департамент өкілдері 60 қылмысты тіркеп, 58 адам қылмыстық жауапқа тартылды, Олардың басым бөлігі ішкі істер органдарының (17), әкімдіктің және оған қарасты ұйымдарға (16) тиесілі.

39 адам әртүрлі жаза бойынша сотталды (7 бас бостандығынан айыру, 2 бас бостандығын шектеу, 26 айыппұл).

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың 10-ы мемлекеттік органдарда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған, олардың 1-і республикалық, 6 облыстық (қалалық) және 3 аудандық деңгейдегі басшылар.

Олардың ішінде, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі« республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, жер қатынастары, білім, мәдениет басқармалары, кәсіпкерлік бөлімдері басшылары мен қала әкіміне тікелей бағынатын Ішкі аудит басшысы бар.

Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ішінде парақорлық фактілері (26, оның ішінде пара алу -18, беру -5, делдалдық -3) және алаяқтық (13) басым болып келеді.

Бизнесті қорғау аясында 38 шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткізілді, 9 лауазымды тұлға кәсіпкерлерге заңсыз қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

«Біз өз қызметімізде ашықпыз. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат біздің Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласа алады – деп атап өтті А.Жұмағали.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі жемқорлыққа қарсы күрес аясында өз қызметін күшейтуді көздеп отыр.

Азаматтардың, кәсіпкерліктің конституциялық құқықтарын қорғау, бюджет қаражатын жымқыру және мақсатсыз пайдалануды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті сыбайлас жемқорлықтан тазарту басымдықтар болып қала береді.

Біздің басты мақсатымыз-сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру деп атап өтті А.Жұмағали.

Отырыс барысында жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Nur Otan« партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нарымбетов сөз сөйледі.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында және Арнайы мониторингтік топпен атқарылған жұмыстар бойынша Жобалық кеңсе басшысы Е.Төлебаев пен Ә.Әссанди сөз сөйледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT