Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қзметінде өткен баспасөз мәслихатында шаһардың 30 жылдағы басты жетістіктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласының халық саны тоқсаныншы жылдары 400 мың болса, қазір 1 млн адамнан асты. Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. 30 жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың бала оқитын 186 мектеп бар. Қала бюджеті 1991 жылы 1 млрд теңге болатын. Бүгін 480 млрд теңгеден асты. Өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өсті. 1991 жылы орташа жас 63 болатын. Қазір 71 жастан асты», - деді әкім.

Оның айтуынша, қаланың аумағымен бірге ішіндегі жолдардың ұзындығы да бірнеше есе артқан.

«Осыдан 30 жыл бұрын қалада 832 шақырым жол болса, бүгінде 4 есе өсіп, 3331 шақырымға жетті. Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр», - деді Мұрат Әйтенов.


Соңғы жаңалықтар