Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Солақай саясаттың құрбаны болған бабалар рухын еске алған ұрпақ мемориалға жиналып, қазақ тарихындағы ең қаралы кезең шындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаралы жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетілді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен қала ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

«Жылдар жылжыған сайын деректер де жаңаруда. Оқығаны үшін оққа ұшып, білгені үшін жазалау лагерьлеріне айдалған арыстарымыздың қатары күн санап толығып отыр. Нәубетті жылдарда біздің аймақтың 7 мың оғланы кісенге алынып, 2 жарым мыңы ату жазасына кесілген. Бір әулеттің бүкіл ұрпағы қуғындалған оқиғалар да кездеседі. Біз тарихтағы осынау зобалаң жылдарды ұмытпауымыз керек. Өткен тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана алға қадам басамыз. Бейбіт өмірдің қадірін білейік»,- деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Салтанатты жиында көпшілік жазықсыздар рухын бір минут үнсіздікпен еске алды. Бабалар кешкен қайғылы сәттер театрландырылған көріністер арқылы көрсетіліп, сахналандырылған қойылым қойылды. Жиналғандар бабалар рухына құран бағыштап, өткен күнге салауат айтты.

null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар