Шымкенттік полицейлер мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлер мерекелік демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық көп шоғырланатын орындардарға қоғамдық тәртіпті сақтауға қосымша автопатрульдер және жаяу жасақтар жұмылдырылған. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қадағалауға патрульдік полиция полкінің 404 қызметкері тартылады.

Қала аумағында орналасқан барлық дәмханалар мен мейрамханаларда және басқада ойын-сауық орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті жалпы 328 учаскелік полиция инспекторы қадағалайды.

Сонымен қатар 6506 әскери бөлімінің 231 сарбазы жаяу патрульдеуде қызмет атқарады. Кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі 110 полиция инспекторы түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-анасынсыз үйінен тыс жерде жүруге тыйым салу мақсатында үнемі рейдтік шаралар жүргізуде.

Департаментке қарасты барлық басқармаларында қосымша жедел-тергеу топтары құрылған. Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел қызмет атқару үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу жасақтарының саны артады. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар