Шымкенттік полицейлер адасқан 2 жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 20 маусымда Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көшеде адасып жүрген 2 жасар қызды тауып алды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адасқан қыздың ата-анасын анықтау үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан адасқан қыздың ата-анасы туралы сұрастырды.

Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері 2 жасар қыздың мекенжайын анықтап, қызды ата-анасына апарып табыстады.
Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.



Соңғы жаңалықтар