Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы бүгін таңертең Шымкент қаласынан ұшып шығып, Атырау облысына жетіп Каспий жағалауында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30-40 шақырымда Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Қопаның арасында бірнеше жерде өрт шыққан.

Қамыс биік әрі арасы батпақ болғандықтан ондағы өртті сөндіру қиын болып тұр. Осыған байланысты арнайы техника өрт ошақтарына жетуге алмайды.

Қазір өрт шыққан тұстар анықталып жатыр. Одан елді мекендерге қауіп төнген жоқ.



Соңғы жаңалықтар