Шымкенттен Атырауға ата-анасының рұқсатынсыз келген жасөспірім ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Шымкент қаласынан өз бетімен келген «қыдырымпаз» жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 14 қыркүйекте «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде көше кезген жасөспірімді анықтады.

Шымкент қаласының 16 жасар тұрғыны «Indriver» желісі арқылы такси тауып, Атырауға келген.

«Ол Атырау қаласын көріп, аралау үшін келіпті. Бірақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге өзі тұратын мекенжайдан өзге қалаға, не облысқа ата-анасыз баруына рұқсат етілмеген. Сол себепті қазір ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «қыдырымпаз» жасөспірімнің ата-анасы немесе заңды өкілі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар