Шымкенттегі жоғары оқу орнында адалдық дүкені ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде адалдық дүкені ашылды. Студенттер енді кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын сатушысыз-ақ өздері ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері мен «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев және университет оқытушылары мен білім алушы үздік шәкірттер қатысты. Жаңадан ашылған адалдық дүкенінде әрбір тауардың бағасы жазылған. Ал, ондағы заттарды сатып алушы студенттер мен оқытушылар ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Оқытушылардың айтуынша, мұндай әдіс жастарды адалдық қағидатына тәрбиелейді. Әрі әрбір іс-әрекетін ойланып, бағамдап барып жасауға жол көрсетеді. Білім ордасында сондай-ақ, «Парасат» мектебі де жұмыс істей бастады. Ол жастарға үш түрлі бағытта тәрибе береді. Оның алғашқысы саналы ұрпақ, екіншісі ізгілік елшісі деген тақырыпты қамтиды. Бұл бағытта өңірдегі сәулелі ғұмыр кешкен, адалдықты ту еткен азаматтармен кездесулер ұйымдастарылмақ. Ал, соңғысы жемқорлықтан ада қоғам құруды көздеп отыр. Сонымен қатар жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында қазір университтеттің 16 жеріне үлкен лэд экран орнатылған. Оқу семестірінің соңындағы әрбір сынақты кез-келген адам осы экрандар арқылы бақылай алады.


«Мұндай жаңашылдық нәтижесіз емес. Оқу процесінің тазалығына, жастардың мейлінше сапалы білім алуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз. Жастарымыз әлеуметтік мониторнинг жасап, бүгінде емтиханның тазалығы 86 пайызды көрсетіп отыр. Мен бұл көрсеткішке сенемін»,- дейді университет ректоры Дария Қожамжарова.


Соңғы жаңалықтар