Шымкенттегі стратегиялық нысандардың жұмысшыларын қала аумағына орналастыру тапсырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Басқосуда қала әкімі Мұрат Әйтенов қауіпсіздік шараларын күшейту мен стратегиялық нысандардың дайындығын арттыруды, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында сонымен қатар, төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс екені айтылды. Қала басшысы тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Карантинге дейін стратегиялық маңызды нысандарда жұмыс істейтін мамандарды жұмыс беруші өндіріс аумағында еңбек етуіне жағдай жасауы керектігі сөз болды. Ол үшін нысан аумағында арнайы жатақхана жабдықтап, қызметкерлерді сол жерлерге орналастыруға болады. Бұл құрылыс пен өндірістің қажеттілігіне байланысты ескерілуі керек», - деді қала басшысы.

Дегенмен бірінші кезекте күшейтілген күзет пен қауіпсіздікті сақтау ескеріледі. Сонымен қатар азық-түлік дүкендері мен базарлардағы сауда қатарлары санитарлық норма бойынша жұмыс істеуі қажет. Қала басшысы тиісті сала жетекшілеріне блок бекеттерді көбейту туралы тапсырма берді. Қаладағы «Сергек» бейнекамерасы ахуалдық орталыққа қосылып, жағдай сол камералардың көмегімен бақылауға алынады. Бекітілген ережеге сәйкес, қалаға ешкім кіріп-шықпауы керек. Өйткені Шымкенттің аумағы үлкен, халық саны миллионнан асады. Сондықтан жұрт шоғырланған жерде қатер жоғары.

Айта кетейік, індетті жұқтыруы мүмкін деген қаупі бар азаматтардың барлығы тексеруден өтеді. Қалада залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп, қалыптасқан жағдай тұрғындарға уақытылы хабарланады.


Соңғы жаңалықтар