Шымкенттегі мектептерге босқындар орналастырылады деген ақпарат жалған - әкімдік

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерге Шымкенттегі мектептердің біріне босқындар орналастырылады деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бекен Қоныстың айтуынша, мектептердің бірінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілген.

«Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда», дейді ол.


Соңғы жаңалықтар