Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам бар.

1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді.

Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған азаматша - кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған.

Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барған жігіттің коронавирус жұқтырғанын, ал бүгін Шымкентте тағы бір адамнан вирус табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар