Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент - шаттық шырағы» атты жыр мүшәйрасы өтуде. Жас ақындардың басын қосқан байқауды Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысымен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдаулары аясында ұйымдастырылған шара жастар арасында ақындық өнерді дәріптеуге бағытталды. Жас ақындарға қолдау көрсету мен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани аясын кеңейту болып табылды. Аталған қордың төрайымы Бейсенкүл Нарымбетованың айтуынша, байқауға 40 шақты өтінім түскен. Олардың арасынан тек 12-сі іріктеуден өтті. Мүшәйрада ақындар Шымкент қаласы, Тәуелсіздік және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқып, жырсүйер қауымды рухани азықпен сусындатуда. Ақындар сондай-ақ, ел Тәуелсіздігін жырлап, патриоттық бағыттағы шығармаларын таныстыруда. Байқау қорытындысымен жүлделі орындарға ие болған жас ақындар дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар