+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен

2021 жылғы 27 шілде 21:25
Бөлісіңіз:
Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оқиға салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейін көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр Алматы облысында көлік қаққан 8 жасар оқушы мерт болды Ақтөбеде көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

2021 жылдың 6 шілдесінде Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесінде белгісіз жүргізуші көлік құралын басқарып келе жатып, 60 жастағы адамды қағып кеткен.

Орын алған оқиғаның салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және ҚР ҚК 347-бабымен тіркелді.

26 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT