+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

2020 жылғы 6 желтоқсан 03:42
Бөлісіңіз:
Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жол жөндеген мердігер компанияларға 68 рет айыппұл салынған. Полицейлер жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені және бүлдіріп ластағанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жыл басынан автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген. Кешенді тексеру нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 458 ұйғарым жолданған. Ал мердігер компанияларға 70-ке тарта әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 147 мектептің алдындағы жолдарды зерделеген. Ондағы сызылған жаяу жүргіншілер жолақтарын қайта жаңартқан.

Жолдардың инфрақұрылымын дамыту және автокөліктердің кептелістерін азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелерінде үлкен жол айрығын салу жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT