Шымкентте жоғалған 3 жасар қызды 500 полицей, қызметтік иттер іздеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады. ҚазАқпарат бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2 мамыр күні Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын жүгініп, сол күні сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, жоғалып кеткенін айтқан.

Баланы табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармасына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ іздестіруге кинологияның қызметтік иттері тартылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10-да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Отырар» шағынауданынан 1 шақырым жерден 3 жасар қызды аман-есен тапты.

Балдырған ата-анасына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар