Шымкентте жігітімен ұрсып қалған бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 102 телефонына хабарласқан жергілікті тұрғын Темірлан тасжолының бойындағы көпірден бойжеткен қыздың секірейін деп тұрғанын жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекші бөлімнің инспекторы сол сәтте аталған аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция полкінің 10-шы ротасының инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Әбенов көпірдің қоршауында тұрған қызбен сөйлесіп, мұндай асығыс әрекет жасамау қажеттігін түсіндірген.

Бойжеткеннің көңілі бір сәт басқа жаққа ауғанын пайдаланған полицейлер оны ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Әрі қарай тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырған.

Қызбен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бойжеткен жігітімен жанжалдасып, содан кейін осындай шарасыз қадамға барғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар