Шымкентте жауын-шашыннан кейін үйлердің ауласын су басты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көшелер мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 24 ақпан күні кешкі сағат 19:00-ге дейін Абай ауданындағы Самал-3, Ақтас, Еңбекші ауданында 4 көше бойында, Қаратау ауданында Қайтпас-1, Сайрам, Нұртас мөлтек аудандарын су басқан.

Қала аумағында 10 мекенжайдан хабарлама түскен. Оған өрт сөндіру бөлімдерінің 54 қызметкері мен 10 техникасы, 11 мотопомпа жұмылдырылды.

Су басқан көшелер мен тұрғын үй аулаларынан 252 текше метр су шығарылған.


Соңғы жаңалықтар