Шымкентте жанармай таситын көлік аударылып, 500 литр дизель төгілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жанар-жағар май таситын жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол ортасында аударылып қалды. Салдарынан 500 литр дизель отыны жол бойына төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы Еңбекші ауданының 264 орамында болған. Бұл туралы хабарлама сағат 15.55-те келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі «KAZ Oil Trading» ЖШС-ға тиесілі.

«Оқиға орнында өрттің алдын алу үшін жедел шаралар қабылданды. Оған өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Өрт сөндіруші«АҚ-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы көмекке жетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар