Шымкентте жаңадан медиа орталық салынады - Ерлан Айтаханов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жаңадан медиа орталық салынады. Келер жылы бұл нысанның жобалау құжаттамаларын әзірленіп, құрылысы басталмақ. Бұл туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов қалалық мәслихаттың кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Сессия барысында сөз сөйлеген қала әкімі Ерлан Айтаханов 2020 жылы атқарылуы тиіс жұмыстарға көпшілікті атсалысуға шақырды. Оның айтуынша Шымкентте келер жылы ТМД мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға жауапкершілікпен қарау керек.

«2020 жылы 5 магистралды жүйе салынып, қосымша 95 мың текше метрді қамтимыз. Суды тасып ішіп отырған 8 елдімекендегі 72 мың тұрғын, жартылай қамтылған 9 елдімекендегі 33 мың тұрғын ауыз сумен толығымен қамтылатын болады. 2020 жылы әр ауданға 1 млрд теңгеден қаржы беріледі. Бұл қаржыға көпқабатты тұрғын үй ауласында 163 ойын және 79 спорт алаңшасы жөнделеді. 2020 жылы абаттандырылған аула саны 80 пайызға жетеді»,- деді шаһар басшысы.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы жылы әуежайға терминал салу, темір жол вокзалын қайта құру, конгресс – орталық салу мен цитадельді қалпына келтіру жобалары іске асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар