Шымкентте заңгерлік қызметтер орталығы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары смен кәсіпкерлеріне заңгерлік көмек көрсетуге арналған орталық ашылды. Шымкенттегі Қалалық заң кеңесшілері палатасы жанынан ашылған орталық азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында және жалпы заңдық тұрғыда консультациялар береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары мен Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, сот органдары қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында қатысушылар сөз сөйлеп, қаланың дамуына үлес қосып жатқан бірқатар азаматты марапаттады. Сонымен қатар, азаматтарға заңдық тұрғыда қызметтер көрсетуге арналған орталықтың ішкі құрылымымен танысып шықты. Айта кетейік, аталған орталықта тегін заңгерлік қызметтердің 20-дан астам түрі ұсынылады. Азаматтар жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін орталыққа хабарласып, жеке өтініштерін немесе әртүрлі шағымдарын жеткізе алады.

Соңғы жаңалықтар