Шымкентте волонтерлер жалғызбасты қарияларға азық-түлік себетін таратты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент волонтерлері төтенше жағдайда тұрғындарға ерекше көмек көрсетті. Волонтерлер сыртқа шыға алмайтын жалғызбасты қарияларға 50 азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратты. Волонтерлер дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы болып отырған 1000 дана медициналық масканы таратуды да ұмытпады. Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі өте жоғары екенін ескертіп, дабыл қақты. Осыған орай барлық қалада қауіпсіздік ережелері қатаңдатылуда.

Соңғы жаңалықтар