Шымкентте вагондардың аударылуынан 5 жолаушы пойызы тоқтап тұр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Мәлім етілгендей, барлығы жылжымалы құрамға 21 вагон тіркелген, барлығы бос болған.

«Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ« АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан қалпына келтірумен айналысатын 3 пойыз жұмылдырылды», - деді Т.Уәли.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар