Шымкентте үш жігіт жол ережесін өрескел бұзып, оны видеоға түсіріп желіде жариялаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол ережесін бұзу жайты түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері барлық құқық бұзушыларды ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 603-бабының 1-бөлігімен (15 АЕК айыппұл) және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігімен (5 АЕК айыппұл) хаттама толтырылды, ал «Mersedes benz s400» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі (5 АЕК айыппұл) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі (5 АЕК айыппұл), ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (5 АЕК айыппұл) және ҚР ӘҚБтК 603-бабының 2-бөлігі (айыппұл 25 АЕК) бойынша хаттама толтырылды.

Олар өз кінәсін мойындап, жүргізушілерді мұндай қателік жасамауға шақырды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының патруль полиция полкі барлық азаматтардан жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.



Соңғы жаңалықтар