Шымкентте түзеу мекемесіндегі сотталушылар күніне 2,5 мыңға жуық бөлке нан пісіреді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі ИЧ 167/3 түзеу мекемесіндегі сотталушылар күніне 2,5 мыңға жуық бөлке нан пісіріп, оны қаладағы қалған 4 түзеу мекемесіне таратады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департементінің баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесханның ақпаратына сәйкес, қала бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орта және ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматтар жазасын өтейтін ИЧ 167/3 мекемесінде наубайхана 16 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда піскен нандарды қаладағы қалған 4 түзеу мекемесіне таратады.

« Еңбек-Шымкент « филиалының 31-телім шебері Нұрсұлтан Сәдібек 7 жылдан бері сотталған азамматтармен жұмыс жасап келе жатқанын айтты. «Сонымен қатар наубайханада 12 адам 2 ауысыммен жұмыс жасап,тәулігіне 5 мекемеге 2100-2500 бөлке нан жеткізіп береміз. Айлық жалақы мөлшері 42 500 теңге, оған қоса атқарылған жұмыстарына қарай тағы да үстеме ақша беріледі» , - дейді наубайхана меңгерушісі.

Сотталғандардың барлығы жұмыс берушілермен келісімшартқа отырған. Кейбірі тапқан пайдасын жақындарына жіберіп отырады.

ИЧ 167/3 мекемесінде ең жас жазасын өтеуші 19 жастағы Р. Қырықбай да қазіргі таңда наубайхана ісінің шебері болған. 7 жылға бас бостандығынан айырылған ол балалықпен қателікке ұрынғанын, соған орай сот үкімінің тағайындаған жазасын өтеп келе жатқанын айтты. «Бұл мекеме маған өмірде қажет болатын көптеген дүниені үйретті деп нық сеніммен айта аламын. Бүгінгі күнде адал еңбегімнің арқасында нан жабудың қыр-сырын біліп қалдым. Бір қап ұннан қанша нан алуға болатынын, және оған қосылатын қоспалардың мөлшерін ( су , ашытқы,тұз) деген сияқты. Еңбегім де өтеусіз қалып жатқан жоқ. Айына 40000-45000 теңге арасында жалақы аламын. Осы наубайхананың арқасында ата-анама, үй ішіме көмектесемін, мекеменің дүкенінен өзіме қажетті заттарды да алып тұрамын.

Мен осы наубайханада істеп жүрген ісімнің табысты әрі жемісті екенін түсіндім. Адамдар киім кимесе де, нан алады. Осы жерден айыбымды өтеп шыққан соң, уақытымды босқа өткізбей, қоғамға, қоршаған ортаға өз үлесімді қосқым келеді. Және де өзіме « Еңбектің наны тәтті « деген ұстанымды серік еттім», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар