Шымкентте түнгі тыныштықты бұзған мас қыздар жауапқа тартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 2 шілде күні сағат 03:45 шамасында полицияға тұрғындардан «Восток» мөлтекауданындағы үйлердің бірінің ауласында түнгі уақытта тыныштықты бұзу оқиғасы орын алғандығы туралы қоңырау шалынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz- сайтына сілтеме жасап.

Шақырту бойынша жедел жеткен полиция қызметкерлері тұрғын үйлер ауласында үш қыздың спирттік ішімдік ішіп отырғанын анықтады. Аталған тұрғындар полицейлердің ескертулеріне құлақ аспай, ары қарай көңілді отырыстарын жалғастыра бермек болған. Тәртіп сақшылары олардың алкогольдік масаң күйін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге апарды. Куәландыру нәтижесінде орта дәрежеде алкогольдік масаң күйі анықталған қыздар уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізілді.





Соңғы жаңалықтар