Шымкентте түнгі клуб маңында 23 жастағы жігітті атып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте "Пандора" түнгі клубының маңында 23 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Алдын ала мәліметтер бойынша банкет қонақтары арасында келіспеушілік болған. Төбелес кезінде жас жігіттің басына оқ тиген. Оқиғаның нақты қалай өрбігені кейінірек мәлім болады.

Қонақтар мен клуб қызметкерлерін Еңбекші полициясы тергеуге шақырды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Жексенбі күні мейрамхана жабылды.

Соңғы жаңалықтар