Шымкентте трансформатор өртеніп, 413 тұтынушы жарықсыз қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесінде орналасқан жалпы көлемі 50 шаршы метрді құрайтын РП-11 трансформаторы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техникасы жұмылдырылды.

«Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды»- делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, кеше Шымкентте күннің ыстығынан көліктің газ балоны жарылған болатын. Алты жолаушы ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді.




Соңғы жаңалықтар