Шымкентте «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 20 наурызда Шымкент қаласында «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2200 жылдық тарихы бар шырайлы Шымкент шаһары биыл «ТМД-ның мәдени астанасы» мәртебесін алып, осы статусқа сай ашылу рәсімін жоғары деңгейде өткізу көзделуде. 2020 жылдың 20 наурызында ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты өтетін қаламыздың Орталық стадионы дәл қазір қызу дайындық үстінде», делінген хабарламада.

ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін аталмыш шара соңы гала-концертке ұласпақ. Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Зарина Алтынбаева, Жұлдыз Уәлихан, Сара Амангелді, «Hawana», «Время и стекло» топтары, «Омбы» хоры, Евгени Курчич, Гулзинат Суранчиева, Зафар Абдуалимов, Акбар Атамухамедов, Ширин Маматова, Сильва Акопьян, Марта Адамчук сынды еліміздің және ТМД елдерінің танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен болатын мега шоу өткізіледі.

«Коцертке кіру ақысы бар болғаны 1 000 теңге», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар