Шымкентте Тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келді. Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 желтоқсан күні қалада 26 қыз бала, 23 ұл бала дүние есігін ашқан. Дәрігерлердің айтуынша, мереке күні туған нәрестелер мен аналардың қазіргі жағдайы жақсы. Жалпы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес үшінші мегаполисте ана мен баланың денсаулығын жақсарту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштерді төмендету мақсатында емдеу мекемелерінде жүйелі жұмыстар қолға алынып, бұл бағытта барлық жағдай жасалып отыр. Сондықтан қалада туу көрсеткіші артып отыр. Мәселен, биылғы жылдың 11 айында 25 688 нәресте дүниеге келген. Қалада ана мен балалардың денсаулығын қорғау бойынша, оның ішінде халықтың репродуктивті денсаулығын жақсарту шаралары қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар