Шымкентте полицияға қарсылық көрсеткен жүргізуші мен жолаушыға 5 хаттама толтырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі мен жолаушы полицияға қарсылық көрсетіп, айтқандарына бағынбаған. Жол ережесін бұзушы мен жолаушыға 5 хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол бойында қадағалау жұмыстарын жүргізген полицейлер жол ережесін бұзған «LADA 21703» көлігін тоқтатқан. Алайда тәртіп сақшыларының айтқанына көнбеген жүргізуші ізін суытуға тырысқан. 2,5 шақырымдай жерге қашқан жүргізушіні 4 экипаж патрульдік полициясы тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші де, оның жолаушысы да заңға бағынудан бас тартқан. Медициналық куәландырудан өткеннен кейін ұсталғандар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Ал, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі (ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау), 608-бабы 1-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы), 612-бабы 1-бөлімі (жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын жүргізуі), 230-бабы 2-бөлімі (міндетті сақтандыру шартын жасамау), 593-бабы 2-бөлімі (қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша хаттама толтырылған.


Соңғы жаңалықтар