Шымкентте полицейлер 100 адамдық тойдың үстінен түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантинді елемей, той өткізу фактілері тыйылмай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті рейд жүргізуде.

Кезекті тексеру барысында мобильді топ өкілдері карантин ережесін өрескел бұзу жайттарын анықтады.

Мәселен, Шымкент қаласы Жолдасбеков көшесінде орналасқан «Көксарай» мейрамханасында жиын өтіп жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары 50 адам жиналған шараға келушілерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, жиналған қауымды тарқатты.

Сондай-ақ Шымкент қаласы Спатаев көшесінде орналасқан «Керуен сарай» мейрамханасында үйлену тойын өткізгендер анықталды. Мерекелік шараға тосыннан кіріп барған тәртіп сақшылары онда 100-ден аса азамат жиналғанын анықтады.

Аталған жайттар бойынша той өткізген тұлғалар мен нысан иелеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар