Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша)» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 27 сәуірінде Арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Соңғы жаңалықтар