Шымкентте пара алған мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат бөлімінің бұрынғы басшысы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болған Е.Б. Үмбетке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол коммерциялық семинар өткізу үшін «Шымкент циркі» МКК залын жалға алуға қосымша уақыт бөлуге көмектескені үшін цирк кассасына төлем жасамай, кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге пара алды деген күдікке түсті», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров онлайн брифингте.

2020 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Е. Б. Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды орындарда жұмыс істеу құқығынан айырылады.


Соңғы жаңалықтар