Шымкентте өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Кәсіпкерлер палатасы және «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған құжат аясында а тараптар Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы байланысты нығайтуға, «Халықтық бренд» жобасын ілгерілетуге уағдаласты. Осы бағытта семинарлар өткізуге, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша бірлескен шаралар қабылдауға келісті. Қол қою рәсімі барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің негіз құраушы қағидаттарына, бәсекеге қабілетті және қазіргі заманғы ұлтты қалыптастыруға бағытталған жобалар жөнінде баяндады. Өз кезегінде қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев пен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі президенті Жұмағали Білісбеков ел тыныштығы, экономиканың дамуы, әлеуметтік саланың гүлденуі тараптардың ортақ мақсаты екенін жеткізді.

Айта кетеік, қаладағы этномәдени бірлестіктердің мүшесі болып табылатын кәсіпкерлер ассамблеяның «Халықтық бренд» жобасы аясында жастарға бизнестегі тәжірибелерімен бөлісіп, көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып келеді. Биыл Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету шараларына белсене қатысқан олар елдік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар