Шымкентте оқушылар BilimLand платформасы арқылы білім алады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша BilimLand білім беру платформасы енгізілген. Бүгінде 130 мектеп онлайн режімге толықтай қосылып, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін білім ұяларына 6 481 аккаунт берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, BilimLand білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары, гуманитарлық циклдегі курстар және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша цифрлық білім ресурстарын қолдануда.

Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар орындауда. Сондай-ақ, «Twig» мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиалық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.

Үшінші мегаполисте 4, 9, 10-сыныпты оқулықпен 100% қамтамасыз ету және 1-сыныптың 4 000 оқушысына арналған оқулық алуға 2 млрд 141 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Кітаптарды сатып алу бойынша 13 баспамен келісімшарттар жасалып, қазіргі таңда оқулық 100% мектептерге таратылды.

Соңғы жаңалықтар