Шымкентте Nur Otan партиясының қалалық филиалында ашық есік күні өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Nur Otan партиясының қалалық филиалында ашық есік күні өтті. Аталған шараны қалалық Әділет департаменті, прокуратура және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы бірігіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық есік күні» шарасына келген тұрғындар жер, мүлік, жәрдемақы мәселелерін сөз етті. Сот шешімімен келіспеген және алимент өндіру мәселелерімен келген азаматтар мамандардан кеңес алды. Жеке сот орындаушылар мен өңірлік палата өкілдері тұрғындарға өндірістегі істер бойынша өз құқықтары мен міндеттері жайлы түсініктеме берді.

«Жаңа ғана бір азаматшаны қабылдадым. Алимент өндіру бойынша көмек сұрап келіпті. Заң аясында іс-әрекетін түсіндіріп, осындағы сот орындаушыларға жолықтырдық. Қазіргі таңда мемлекеттік және жеке сот орындаушыларында 9 мыңға жуық іс өндірісте. Алимент өндіру бойынша 2 700 іс бойынша жұмыс жүргізіліп, қазір олардың саны 1 мыңға азайды»,- дейді Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Айнұр Исабекова.

Шара соңында азаматтарға айтылған мәселелері бойынша шағымдану орындары мен шағымданудың тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар