Шымкентте мүгедек балаларға бөлінген қаражатты жымқырды деген директор тергелуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысы қаржысын ұрлады деген ұйым директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар