Шымкентте «Мейірімділік — жүректен» атты қайырымдылық шарасы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Мейірімділік — жүректен» атты қайырымдылық шарасы өтті. «Көрме орталығы» ұйымдастырған шарада өмірдің түрлі ауыртпалығын көтеріп, тағдыр тауқыметін мойымай жүрген жандарға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылықты дәріптейтін жиында қаладағы ірі кәсіпорындар демеушілік танытып, әлеуметтік жағынан мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау білдірді. Аталған шараны ұйымдастырушылар «Көрме орталығында» бүгінге дейін 40-тан астам қайырымдылық акциясы өткізілгенін айтады. Жаны жомарт жандар тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек беріп, азық-түлік пен киім-кешектер таратқан.

«Бүгінгі іс-шара жыл бойы атқырылған жұмыстың қорытындысы іспеттес. Жыл бойы жоспар бойынша 32 іс-шара бекітілген болса, әртүрлі жағдайларға байланысты қайырымдылық жасауға үгіттейтін жиындарды қосқанда 40-тан астам іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Осы уақыт аралығында шаһардағы ірі кәсіпорын иелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істедік. Нәтижесінде көмекке зәру отбасылар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар демеушілер тарапынан қолдау тапты», - дейді «Көрме орталығының» директоры Зухра Қарабекова.

Соңғы жаңалықтар