Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталғанын хабарлады.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру бағытталған.

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.

Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz сайтынан және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресуртарынан танысуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2019 жылғы 13 мамырға дейін Шымкент қаласының аудан әкімдіктерінде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар