Шымкентте маскалар мен дәрумендер тегін таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік волонтерлар тұрғындарға 20 мыңға жуық медициналық маска мен 600 дана аскорбинді қышқыл дәрумендерін тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «маскалар азаматтарға тегін таратылсын» деген бастамасына қолдау көрсеткен шымкенттік кәсіпкерлер өз үлестерін қосуда.

Бүгін қалада ұйымдастырылған акция барысында «Mega Pharma» ЖШС компанияның маскалары халыққа үлестіріліп берілді.

Шара қаладағы адам көп шоғырланған «Арбат» демалыс орны мен «Жаңа шаһар» базарында, «Север» сауда үйі мен Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде тұрғындар аумағын қамтыды.


Соңғы жаңалықтар