Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды.

Химиялық сұйықтық ішіп қойған бала бес күн бұрын ауыр халде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анасының сөзінше, балақай үйде ойнап жүріп, құтыдағы марганцовканы ішіп қойған. Оның ауыз қуысы толықтай күйіп, дәрігерлер шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Науқасқа тез арада реанимациялық көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, улы сұйықтық ішіп қойған бала ауыр дәрежедегі токсикалық әсер алған. Жансақтау бөлімінде көрсетілген үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Қазір кішкентай бүлдіршін токсикологиялық бөлімшеде ем қабылдауда.


Соңғы жаңалықтар