Шымкентте қысқы жылыту маусымында 10 адам иістен уланып, көз жұмған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қысқы жылыту маусымында 10 адам иістен уланып, көз жұмған. Бұл туралы қалалық қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Мадияр Жақсыбаев тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан орын алған қайғылы оқиғалар және олардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтті. Оның сөзінше, жылу беру маусымында улы газдан уланудың 10 оқиғасы тіркеліп, 4 адам жарақат алған.

«Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қаладағы тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. ТЖ департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, Nur Otan партиясының «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру шараларын атқаруда»,- деді Мадияр Жақсыбаев.


Соңғы жаңалықтар