Шымкентте қылмыстық топ құрған полиция басшылары сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 полиция қызметкері мен 12 делдалдар әртүрлі мерзімге сотталды. Бір жарым жылға созылған сот отырысында полицейлерге 3,5 жылдан 11 жылға дейін жаза тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полициясы емтихан-тіркеу басқармасының бұрынғы бастығы Артық Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының және Түркістан қаласының ТЕБ-нің бұрынғы басшылары Қуанышбеков Н., Әбдіғалиев Н., Ағабеков С. және Түрегелдиев М. 10 жылдан жаза арқалады. Өзге айыпталушыларға 8 жыл, 6 жылдан жаза тағайындалды. Тағы 23 адамға әртүрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленіп, олар сот залынан босатылды.

Сотталғандарға сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 218-бабы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру» бойынша тағылған айып дәлелденбегені үшін бұл бап бойынша ақталды. Үкім кезінде ҚР ҚК 369 «Қызметтiк жалғандық жасау» бабы мерзімі өтуіне байланысты қысқартылғаны айтылды.

Айта сотталған 26 полицей шендерінен және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқаруға, арнайы атақтар алу құқығынан айырылды. Бас бостандығы шектелген 23 сотталушыдан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 26 полиция қызметкері мен 12 делдалға қатысты үкім оқыла бастаған еді. Айыпталушылар қатарында Оңтүстік Қазақстан ІІД Әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан басқармасының бұрынғы басшысы Артық Жаппаров, мемлекеттік жол инспекторлары бағынатын үш аймақтық және бір қалалық бөлім деңгейдегі ТЕБ басшылары, криминалистер, сондай-ақ көлік алып сатумен айналысқан делдалдар бар. Оларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары екі жылға созылып, қылмыстық іс 1538 томға жинақталды.

Ал, сот отырысы бір жарым жылға жуық уақытқа созылды. Сотталушыларға пара алу, пара беру (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін жалпы қорғау үшін пара алуға әрекет жасау), қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, қызметтік жалған құжат жасау, жалған құжаттарды өндіру, сату және пайдалану, қылмыстық ұйым құру, басқару және оған қатысу, жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 144 фактісі және Қазақстан Республикасына қосалқы бөлшектер түрінде кіргізілген 353 автомобильді заңсыз тіркеу арқылы барлығы 2,7 млрд теңге сомасына зиян келтірілген деген айыптар тағылған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 23 полиция қызметкері мен 15 делдалға қатысты үкім оқыла бастаған еді. Айыпталушылар қатарында тіркеу-емтихан бөлімінің 5 бірдей басшысы да бар. Екі жылға созылған тергеуден соң басталған сот отырысы бір жарым жылды қамтыды.

Соңғы жаңалықтар