Шымкентте күшті желден үйлердің шатыры ұшып, көліктің үстіне құлады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте күшті желдің зардаптары анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, Шымкентте 6 маусым сағат 18.25-18.36 арасында екпіні 15-28 м/с жететін қатты жел соққан.

Салдарынан бірнеше мекенжайда үйлердің шатыры ұшты.

Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесі 90А 5 қабатты үйдің 40 шаршы метр болатын шатыры ұшып, Қонаев даңғылы 1 үйдің ауласына құлаған.

«Тoyota Corolla» маркалы автокөлікке зақым келтірді.

Сондай-ақ, Солтүстік шағын ауданы 52-үйдің шатыры қатты соққан желден ұшып кеткен.

Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінен 2 техника мен 8 қызметкер жіберілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жағдай тұрақты.



Соңғы жаңалықтар