Шымкентте күшті жел бірқатар нысанның шатырын жұлып әкетіп, көліктерді зақымдады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте күшті жел салдарынан 3 коммерциялық және 2 білім беру нысанының сондай-ақ 5 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары ұшып, автокөліктердің, ғимараттардың үстіне құлады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы ғимараттардың 3223 шаршы метр шатыры құлаған, 6 автокөлік зақымдалған, 2016 жылы туылған бала зардап шеккен.

Қаратау ауданы Нұрсат шағынауданында, Қызыл су, Исфиджаб, Өтеміс, Сайрам, Шапырашты тұрғын алаптарында электр қуаты сөнген. Авариялық-қалпына - келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электр стансаларының мамандары жұмыс атқарып, сағат 22:18-де аталған мекенжайларға электр қуаты қайта қосылды.

Оқиға болған жерлерде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 24 адам, 7 техника, «КазТрансГаз» АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-ның 3 қызметкері, 1 техникасы, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-ның 70 қызметкері,10 техникасы жұмыс атқарған.

Осы оқиға бойынша Шымкент қаласы Төтенше жағдацлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы дайындыққа келтіріліп, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұратыны туралы 2021 жылдың 31 мамырында алдын алу ескерту жариялаған.

Хабарлама ұялы телефондарға СМС арқылы, «Дәрмен» мобильді қосымшасы және телеарналарды ұстап алу арқылы халыққа, жергілікті атқарушы органдары мен мекемелердің басшыларына жеткізілген.

«2021 жылғы 1 маусымдағы желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метр болды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар