Шымкентте ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының айтуынша, бүгінде қала А сценариймен жұмыс жасап жатыр. Ал, В және С сценарийге 100 пайыз толық дайындалған.

«А – ағымдағы жағдай 1 290 төсек-орынды қамтиды. В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын саны 4 016-ға дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді. 19 сәуірде 1 312 ПТР тест жасалған. Азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде 1-ші компонент 67 906, 2-ші компонент 6 918 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды», –деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы қаулысы шыққан. Екі апта осы шектеу шараларының тиімділігін бақылап, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізілмек.


Соңғы жаңалықтар