Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған 1964 жылы туған азамат. Осымен елімізде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті.

Айта кетейік, осы уақытта Қазақстан бойынша вирус жұқырғандар саны 551 адамды құрап отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы – 219,

Алматы қаласы – 110,

Шымкент қаласы – 13,

Ақмола облысы – 20,

Ақтөбе облысы – 10,

Алматы облысы – 10,

Атырау облысы – 22,

Шығыс Қазақстан облысы – 5,

Жамбыл облысы – 28,

Батыс Қазақстан облысы – 2,

Қарағанды облысы – 27,

Қостанай облысы – 1,

Қызылорда облысы – 30,

Маңғыстау облысы – 3,

Павлодар облысы – 1,

Солтүстік Қазақстан облысы – 25,

Түркістан облысы – 25.


Соңғы жаңалықтар